АҚШ-та метеорит құлады

АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады. Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид екенін баяндады.

ҚазАқпарат USA Today-ға сілтеме жасап жазуынша, Хэнки аспан денесінің құлау жылдамдығы мен сипаттамасына негізделіп, оның астероидтің бір бөлігі екенін шамалап отыр: «Алайда бұл метеорит 2021 GW4 астероидінің бір бөлігі ме, жоқ па, бұл белгісіз».

Gianluca Masi of VirtualTelescope.eu мәліметінше, 2021 GW4 астероиді дүйсенбі күні таңертең Жерден өте жақын қашықтық – 12430 миль жерде құлаған.

Астероидті 8 сәуір күні Аризона штатының Леммон қаласында орналасқан Catalina Sky Survey телескопы анықтады.

Сондай-ақ, 16-25 сәуір күндері аралығында Лирида жұлдыз ағатын мезгіл өтетіні хабарланды.

EarthSky.org мәліметінше, оның үдемелі кезі, яғни 10-15 метеориттің құлауы 22 сәуірдің таңына қарай болжанып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button