Елімізде вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты
15 сәуір, 2021 /
Ділда УӘЛИБЕК
Елімізде вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты
Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында еліміз бойынша вакцина алғандар азаматтар бойынша мәліметтерді жариялады.
2021 жылғы 15 сәуір күнгі деректер бойынша: Нұр Сұлтан қаласында І компонентпен вакцина алған адамдар саны 43 457, ІІ компонентпен – 8 970; Алматы қаласында І компонентпен вакцина алған адамдар саны – 107 150, ІІ компонентпен – 14 676; Шымкентте І компонентпен екпе алған адамдар саны 36 772, ІІ компонентпен – 6 206; Ақмола облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 16 016, ІІ компонентпен – 5 002; Ақтөбе облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 20 323, ІІ компонентпен – 5 002; Алматы облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 59 088, ІІ компонентпен – 696; Атырау облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 11 235, ІІ компонентпен – 2 894; Шығыс Қазақстан облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 23 160, ІІ компонентпен – 7 086; Жамбыл облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 21 613, ІІ компонентпен – 6 851; Батыс Қазақстан облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 21 619, ІІ компонентпен – 4 117; Қарағанды облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 28 528, ІІ компонентпен – 8 317; Қостанай облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 15 581, ІІ компонентпен – 4 957; Қызылорда облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 13 771, ІІ компонентпен – 3 418; Маңғыстау облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 9 516, ІІ компонентпен – 1 136; Павлодар облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 20 244, ІІ компонентпен – 4 154; Солтүстік Қазақстан облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 17 826, ІІ компонентпен – 2 693; Түркістан облысында І компонентпен екпе алған адамдар саны 39 552, ІІ компонентпен – 11 795; Қазақстан бойынша барлығы І компонентпен екпе алған адамдар саны 505 451, ІІ компонентпен екпе алған адамдар саны – 107 970.