Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды

Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды

Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды
ашық дереккөзі

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters. Дания билігі қан ұю қаупі туралы хабарламаларға байланысты AstraZeneсa вакцинасын қолдануды тоқтата тұруға шешім қабылдады. Олардың айтуынша, зерттеулер вакцинациядан кейін қан ұюдың жоғары жиілігін көрсетті. Данияда препараттың 2,4 миллион дозасы айналымнан алынады.

"AstraZeneca-мен байланысты зерттеу нәтижелері нақты және ауыр жанама әсерлерді көрсетті. Сондықтан барлық мақсатты топ үшін вакцинация бағдарламасынан осы вакцинаны алып тастауға ұйғардық", - деді Данияның Денсаулық сақтау агенттігінің басшысы Сорен Бростром брифингте.
AstraZeneca Данияның таңдауын құрметтейтінін және болашақ шешімдер үшін мәлімет беруді жалғастыратынын айтты. Бұл шешім елдегі вакцинация бағдарламасын аяқтауды жоспарланған уақытынан кешіктіреді. 25 шілдеден тамыздың басына ауысады деп күтіледі. Айта кетейік, наурызда Еуропаның бірнеше елі вакцинациядан кейін тромбоздың жиілеп кетуіне байланысты препаратты қолдануды тоқтатты.