Алматыда жаңа тоғыз саябақ ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыда «Алматыны дамыту: абаттандыру және көгалдандыру жобалары» атты онлайн-тұсаукесер өтті. Іс-шара барысында қала басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңа рекреациялар құру үшін жерлерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Жер тапшылығына байланысты проблема бар екенін ескере отырып, жаңа рекреация құру үшін 8 жер учаскесін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, саябақ аймақтарын ұйымдастыру үшін Құрманғазы, Абылай хан, Шевченко, Панфилов көшелерінің квадратындағы 2 учаске қайтарылды. Сонымен қатар, қаланы көгалдандыру және табиғи ландшафтты сақтау үшін 120 га (31%) берілді, бұл қала тұрғындары үшін жайлы орта құруға мүмкіндік береді», – деді әкім

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button