Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды
Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды
Қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков Қырғызстандағы мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұсталды.
Кеше Қырғыз Республикасының МҰҚК екі азаматты мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұстау туралы ақпарат таратты. Кейін ұсталғандардың бірі қырғыз саясаттанушысы Марат Қазақпаев екені белгілі болды.
- Мемлекеттік опасыздық ісі бойынша екінші ұсталған адам Қырғызстандағы қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков, - деп хабарлады сәрсенбіде қырғыз құқық қорғау органы.