Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды
ашық дереккөзі
Щучинск қаласында жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Оқиға 11 сәуірде кешкісін болған, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Көлікте жүргізуші, екі фельдшер және 26 жастағы жүкті әйел болған.
"Науқастың жүктілігін тоқтату қаупі болды, сондықтан шұғыл ауруханаға жатқызу қажет болды. Жоллда жүргізуші атылған оқтың және сынған әйнектің дыбысын естіді. Көлік тоқтады, бірақ дәрігерлер ешкімді көрмеді. Әйел ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты, бірақ бәрі болған жағдайдан шошып кетті", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.
Бас дәрігердің айтуынша, тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр, іс қозғалды, бірақ әзірге нәтиже жоқ.