Абай театры Грекияға гастрольмен барады
26 қыркүйек, 2016 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Абай театры Грекияға гастрольмен барады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның Грекиядағы елшілігі мен Грекияның Қазақстандағы елшілігі екі мемлекеттің мәдениет және спорт министрліктерінің қолдауымен Грекия астанасы – Афинада үстіміздегі жылдың 2 қазанында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаевтың басшылығымен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастрольдері өтетін болады. Грекиялық көрермендер назарына екі балет ұсыну жоспарлануда, олар – «Ұлы Дала аңыздары» (Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған) мен әйгілі Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезадасы». Қойылымдар Грекияның ең танымал концерттік залдарының бірі саналатын, өткен ғасырдың 30-шы жылдары француз архитектурасының ең үздік дәстүрімен салынған «Паллас Театрында» өтеді. Гастрольдердің бас демеушісі – «Казкоммерцбанк» АҚ екенін айта кеткен жөн