«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы «Фолиант» баспасынан жаңа форматта қайта басылып шықты. Бұл туралы ҚЖО-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады.

«Қалың оқырманның сүйікті шығармасына айналған, жас ұрпақты адал махаббатқа, шынайы достық пен сертіне берік болуға тәрбиелейтін аталмыш романды баспа жазушының 100 жылдық мерейтойына арнап шығарды.
Жақында қалың оқырманның тұмарындай болған шығарманың желісімен «MG Prodution plus» кинокомпаниясы түсірген «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясы көрермен назарына ұсынылды. Жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген туынды «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының тапсырысымен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай қолға алынған болатын. Осыған орай, бүгін, 14 сәуір күні «Қазақстан» телеарнасында роман желісі бойынша түсірілген сериалдың актерлік құрамының қатысуымен кітап таныстырылымы өтті. Кездесуге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері жазушы, журналист Қайсар Әлім, актерлер Ермек Тұрғанбек, Нарқыз Айдарова және т.б. кино және әдебиет сүйер қауым қатысты, – деді Дәулеткерей Кәпұлы.

Back to top button