Жаңалықтар

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

ашық дереккөзі

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

Анатолий Жбанов бұған дейін төлқұжатын 32 жасында өзгертіпті. Қазір ол 63 жаста. Осы уақыт ішінде ол Кеңес одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды. Бүгін ол кеңес дәуірінің паспортын жаңартып, Қазақстан Республикасы азаматы ретінде жеке басын куәландыратын құжатты алды. 2001 жылы ер адам әйелі, екі қызынан айырылып, баспанасыз қалған. Қазір ол қайырымды жандар берген кішкентай үйде тұрады. Енді төлқұжат алған азамат зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беруді жоспарлап отыр. Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 2021 жылдың басынан бері осындай тоғыз азамат анықталған. Олардың барлығы азаматтығын растайтын құжаттар алды.