Әлия Назарбаева ерлік жасағандарды марапаттайды

 «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева Adam Bol Awards жобасының жаңа кезеңі басталғанын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Adam BOL AWARDS рәсімінен кейін біздің команда мыңдаған жауаптар, хабарламалар, алғыс хаттар алды.

Біздің үлкен жұмысымыз өмір салтына, ойлау тәсіліне айналғанына және барлығымызға тек жақсы жаққа әсер ететініне өте қуаныштымыз.

Біз ізденушілерден өтінімдер қабылдаудың жаңа стартын бастаймыз және осы жазда елордада рәсімді өткізуге дайындалып жатырмыз.

Отандастарыңызға жақын адамдарыңыздың ерліктері, батылдығы мен батырлығы туралы айтып беріңіз, тіпті егер сіз бейтаныс жанның ерлік іс-әрекетінің куәсі болсаңыз да айтыңыз!» деп жазды Әлия Назарбаева.

adambolawards.com сайтында жоба жайлы: «ADAM BOL AWARDS Бірінші ауқымды отандық сыйлығы өз әрекеттерімен әлемде ерлік істейтін орын да, себеп те бар екенін дәлелдеп жүрген адамдарға арналады. Жалған батырлар өздерінің жалған құндылықтарымен жаңа шындықты жасауға тырысатын таңқаларлық қиын уақытта, шынайы қаһармандық пен нағыз ерліктің табиғаты туралы мәселе ерекше өзекті бола бермек.

Өміріндегі ең басты әрекетті жасап жатқан адамның қозғаушы күші не? Қауіпті жағдайларда өз өмірлерін қатерге тігіп, аса қажет сәтте қол ұшын созған біздің заманның батырлары жай ғана біреудің өмірін арашалап қойған жоқ.

Олардың ерліктері біздің жүректерімізді немқұрайлықтан, соқырлықтан құтқарып жатыр – біздің жанымызға нұр құяды, сенім ұялатып, үміт сыйлайды, қуаныш әкеледі. Біз оларға қарап қайсарлық, рух қуаты, біреудің өмірі үшін өзіңді құрбан ету, жақыныңды жақсы көру және мұқтаж жандарға ойланбастан көмектесу – нағыз қарапайым, мейірімді, адал және әділ қаһармандардың ең басты құндылықтары екенін түсінеміз» деп жазылған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button