Жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған жігітті құтқарды

ашық дереккөзі

Алматыда дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған жігітті құтқарды

Алматыда №4 аурухананың дәрігерлері денесінің 85%-ын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 7-region.com хабарлады. Белгілі болғандай, студент 2 ақпанда бензин құйылған құтының жарылуынан зардап шеккен. Ол екі ай бойы жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер жігіттің терісін трансплантациялауға мәжбүр болды. Қиындығына қарамастан, операция сәтті өтті. Студент ауруханадан шығарылды. Жігіттің ата-анасы дәрігерлерге шексіз риза.