Қай уақытта баспана алған тиімді? – Министрлік жауап берді

Жылжымайтын мүлік нарығындағы баға 2021 жылдың жазында тұрақтануы тиіс, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 565 мың адам тұр. Миллионнан астам азамат жер телімдерін алу кезегінде тұр, деп атап өтті Өскенбаев.

«Қаңтар айында желтоқсанмен салыстырғанда жаңа тұрғын үй құны 3%- ға, екінші реттік баспана 5%-ға өсті. Ақпан айында бастапқы нарықтағы құнның өсуі 1,2%, қайталама нарықта 3,1% болды. Наурызда жаңа тұрғын үйге өсім 0,5%, екінші тұрғын үйге 2% болады. Зейнетақы Қорынан ақша алудың алғашқы кезеңіне біз төтеп бердік. Енді сәуір-мамыр айларында келесі дүрбелең болады. Маусым айына қарай, біздің болжамымыз бойынша, бағалар тұрақтанады»,-деді ол баспасөз мәслихатында.

Back to top button