Елімізде екі жаңа комитет құрылды

Елімізде екі жаңа комитет құрылды

Елімізде екі жаңа комитет құрылды
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрлігінде екі жаңа комитет құрылды. Сондай-ақ мәдениет министрлігі жанынан жұмыс істейтін геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысында айтылды. Құжатқа сәйкес министрлікте архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мен мәдениет комитеті құрылды. Осы қаулыға сәйкес, архив істері және құжаттаманы басқару комитеті  жанынан "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ашылды. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек деген болатын. Пандемия ке­зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті. Президент 2021 жылы шенеуніктер санын 25% қысқартуды тапсырды.