Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2021-2025 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту үшін жыл сайын 170 млрд теңге бөлініп отыратынын айтты. «Тұрғын үй құрылысын ынталандыру және құнын арзандату мақсатында мемлекет тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды, оның ішінде азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін жер учаскелерін инженерлік желілермен жабдықтайды. 2021-2025 жылдары 235 мың жер учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде облыс орталықтарында, шағын қалаларда – 125 мың жер учаскесі және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесі. Жыл сайын бұл мақсатта республикалық бюджеттен 130 млрд теңгеден бөлу көзделеді», – деді вице-министр.