Жүлде қоры 11 млн. «Алтын тобылғы - 2021» әдеби байқауы жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр.

Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау.

Жүлде төмендегі номинациялар  бойынша тағайындалады, әр номинация жеңімпазына «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы және қаржылай сыйлық табыс етіледі:

  • «Жылдың үздік прозасы» (2 млн)
  • «Жылдың үздік поэзиясы» (2 млн)
  • «Жылдың үздік драматургиясы» (2 млн)
  • «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» (2 млн)
  • «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» (арнайы номинация) (3 млн)

Еске саламыз: Байқауға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Конкурстық іріктеуге бір автордан — бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.

Қатысуға өтінімді пошта арқылы мына мекенжайға жіберу қажет: Нұр-Сұлтан қ., Ә.Бөкейхан к-сі 1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, сондай-ақ өтінімді at2021@fnn.kz  электрондық поштасына жіберу қажет.

Өтінімді жіберу мерзімі — 2021 жылдың 20 тамызына дейін.

Байқау ережесімен танысып шығыңыз: www.fnn.kz/, www.qazaq-found.kz/.

 

Back to top button