NASA Қазақстанға алғыс білдірді

NASA Қазақстанға алғыс білдірді

NASA Қазақстанға алғыс білдірді
ашық дереккөзі
АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Қазақстанға NASA миссияларын қамтамасыз еткені және ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді, – деп жазды Tengrinews.kz. «Біз адамның ғарышқа халықаралық ұшу күнін атап өтіп жатырмыз! Сонымен қатар, биыл АҚШ пен Қазақстанның 30 жылдық ынтымақтастығын атап өтеміз. Қазақстан NASA-ның ондаған миссиясы үшін ғарышқа қақпа бола білді және біз оның ғарыш кеңістігін игерудегі маңызды ролін мойындаймыз. Қазақстан бізге халықаралық ғарыш станциясының ұшыру алаңына айналып, арманымызды жүзеге асыруға көмектеседі. Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күнімен», – делінген хабарламада.