Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

14 сәуір, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген. «Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін: 2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне таратылады. Сондай-ақ, «Ashyq» пилоттық жобасын йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтарда (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) және боулинг клубтарда іске асыруды жалғастыру жазылған.