«Самұрық-Қазынада» бірнеше директор қызмет ауыстырды

«Самұрық-Қазынада» бірнеше директор қызмет ауыстырды

«Самұрық-Қазынада» бірнеше директор қызмет ауыстырды
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор болып Болат Ақшолақов, ал Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі Басқарушы директор лауазымына Марат Әйтенов тағайындалды. Бұрын Экономика және қаржы жөніндегі бірлескен Басқарушы директор болған Ернар Жанәділ енді Инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарушы директор қызметін атқаратын болды. Ерлан Дүрмағамбетов – Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі Басқарушы директор. Бірлескен Басқарушы директор болып Ернат Бердіғұлов тағайындалды. Нәзира Нұрбаева Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор қызметіне тағайындалды. Корпоративтік басқару және әлеуметтік еңбек қатынастары жөніндегі Басқарушы директор – Мұхтар Тәжіғалиев болды. Кадрлық тағайындаулар Қордың даму стратегиясына және жаңа ұйымдық құрылымға сәйкес қабылданды, деп хабарлайды Қоғаммен байланыс жәнемаркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.