14 сәуір: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

14 сәуір: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

14 сәуір: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар
ашық дереккөзі
1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңын қабылдады. Мақсат – қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды мүмкіндігінше өтеу. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды» деп жазылған құжатта. 2000 жылы «Қазақстанкаспийшельф» компаниясы құрылды. 100 мың шаршы метр аумақта 26 мың км-ден астам сейсмикалық пішіндер әзірленді. «Қазақстанкаспийшельф» компаниясы бірқатар шетелдік мұнай компанияларын тартып, Каспий теңізі бойынша бірегей халықаралық консорциум (CSC) құрылды. Зерттелген мұнай қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 13-ші орынға, газ бойынша 15-орынға шықты. 2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру туралы Жарлығы шықты. Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар, 103 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Облыс құрамына облысқа бағынышты 16 аудан және 3 қала кіреді. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. 2006 жылы Павлодар қаласындағы №1 көркемсурет мектебіне Халықаралық ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді. 2010 жылы Грозный қаласындағы №1 лицейге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Лицей атының өзгертілуіне орай оның фойесіне Қазақстан басшысы Н. Назарбаевтың бюсті орнатылды. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан лицейге «Ford» шағын автобусы, кітапхана, сондай-ақ компьютерлік сынып үшін интерактивті тақта табыс етілді. 2010 жылы Азаматтық авиация комитеті Қазақстанда шығарылған «Арай» алғашқы үш ұшағына мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер берді. Ұшақтар алматылық «АвиаМастер Эйркрафт» шағын кәсіпорнында канадалық лицензия бойынша жасалды. Олардың тұсаукесері Алматыдағы Байсерке аэдромында болды. Ұшақ америкалық Лайкоминг қозғалтқышымен жабдықталған, қарапайым қазақстандық А-95 маркалы автомобиль бензинімен жұмыс істейді. 2014 жылы Анкарада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған фотокөрме өтті. 2015 жылы Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі музейлік-көрме орталығында Қазақстанның пошталық маркасы мен ұлттық валютасына арналған көрме ашылды. 2017 жылы венгриялық белгілі «Мадьяр Немзет» басылымында танымал саяси журналист Габор Штирдің республикалық «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сілтеме жасап жазған материалы жарияланды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғырудың кең ауқымды бағдарламасын жария еткендігі айтылады. Аталған бағыт ағылшын тіліндегі пәндерді меңгеруді жеңілдетіп, көптеген пәндерді бастауыш сыныптарда-ақ Шекспирдің тілінде жүргізуге мүмкіндік бере отырып, технологиялық жаңғырудың өршіл бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді. 2020 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытындылары бойынша COVID-19 пандемиясына байланысты бірлескен мәлімдеме жасады. Онда олар COVID-19пандемиясының кері салдарын жою, интеграциялық ынтымақтастықтың теріс жеткізілген деңгейін сақтау және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің одан әрі экономикалық дамуы, елдер арасында әлеуметтік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, іскерлік және инвестициялық белсенділікті қолдау үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.