Құм құрсауында: Маңғыстау облысында екі ауылды құм басып барады

Құм құрсауында: Маңғыстау облысында екі ауылды құм басып барады

Құм құрсауында: Маңғыстау облысында екі ауылды құм басып барады
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысындағы Сазды және Жарма елді мекендері Ақтөбе ауылдық округіне қарайды. Шеге құм екі ауылдағы шеткі жер үйлер мен мал қораларды көміп тастаған. Жергілікті тұрғындар ауласын қанша тазаласа да құм көшкінін тоқтатар дәрмені жоқ, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы. Жарма ауылы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе елді мекенінен 63 шақырым қашықта орналасқан. Құммен алысып шаршаған тұрғындардың біразы басқа жаққа көшіп жатыр. Қазір бар-жоғы 20 үй ғана қалған. Ауыл азаматтары өз қаражатына техника жалдап, жылда күретеді екен. Алайда одан нәтиже жоқ.
"Мен 100 мың теңге мен 1 тай бердім. Екі күнде қорамның айналасын тазалап берді. Бұл менің бергенім, елдің не бергенін білмеймін. Жігіттер күреудей-ақ күреп жатыр. Бірақ қол күші болған соң жұмыс өне ме?!", – дейді ауыл тұрғыны Алдаберді Ақшабаев.
Бұл мәселе ауыл тұрғындарының бас ауруына айналғанына 25 жылға жуықтапты. Олардан 20 километр қашықтықта жатқан Сазды ауылы да осындай күй кешіп отыр. Жақын маңдағы Сауысқан деп аталатын шағын елді мекен былтырдан бері құм құрсауында қалған.