Ойын барысында «Ақжайық» командасы бас бапкерінің жүрегі ұстап қалды

Ойын барысында «Ақжайық» командасы бас бапкерінің жүрегі ұстап қалды

Ойын барысында «Ақжайық» командасы бас бапкерінің жүрегі ұстап қалды
ашық дереккөзі
«Ақжайық» командасының бас бапкері  Владимир Мазярдың «Шахтер» клубына қарсы кездесуде жүрегі ұстап қалып, төрешілер ойынды тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Vesti.kz Екінші таймда денсаулығы күрт нашарлаған украиналық маманға клуб дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Бірақ бас бапкер ауруханаға барудан бас тартқан.
«Ойын кезінде кезекшілікте болған дәрігерлер бригадасы бапкердің денсаулығын стадионда тексеріп, тиісті-ем-дом жасап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазір жағдайы жақсы. Мазяр маман ретінде көп нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды, эмоциясын жасырмайды. Сол себепті мұның барлығы оның денсаулығына кері әсерін тигізіп, дәрігерлердің көмегі қажет болды» – дейді «Ақжайық» клубының директоры Азамат Шайхы.
Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуде «Шахтер» клубының ойыншылары өз қақпасына екі автогол жіберіп алып, нәтижесінде «Ақжайық» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.