Түркістан облысының тұрғыны полицейді көлікпен сүйреген

Түркістан облысының тұрғыны полицейді көлікпен сүйреген

Түркістан облысының тұрғыны полицейді көлікпен сүйреген
ашық дереккөзі
Түркістан облысына қарасты Жетісай қаласының тұрғыны полицейдің заңды талабына бағынбай, оны 30 метр жерге дейін көлігімен сүйреген. Polisia.kz-тің хабарлауынша, азаматқа қатысты тергеу амалдары басталған. Жетісай АПБ патрульдік полиция тобының инспекторы Ертау Саурамбаев әріптесімен бірге жолдарды бақылау кезінде автокөлігінің алдыңғы терезесіне күңгірт пленка жабыстырып алған жүргізушіні тоқтатады. Полицейлер оның құжаттарын тексеріп, көліктің алдыңғы терезесіне күңгірт пленка жабыстыру заңға қайшы екенін түсіндіріп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырады. Осыдан соң полицей жүргізушіге терезесіндегі пленканы алып тастауын сұрайды. Алайда заңды талапқа бағынғысы келмеген азамат қасында тұрған полицейге қарамастан, көлігін айдап, тәртіп сақшысын 30 метр жерге дейін сүйреп кеткен. Болған оқиғаның барлығы полицейдің бейнежетонына түскен. Ал автокөлік сол мезетте айып тұрағына қойылды. Бұл жайт бірден ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.