Қазақ күресінен әлем чемпионатында балуандарымыз жеңіске жетті

Қазақ күресінен әлем чемпионатында балуандарымыз жеңіске жетті

Қазақ күресінен әлем чемпионатында балуандарымыз жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Қытайдың Үрімші қаласында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық балуандар бес алтын бір қоланы иеленді. Үшінші рет өткен әлем чемпионатында 28 елден 205 спортшы қатысты. Қазақстандық құрама алты адаммен қатысқан. Бес салмақ дәрежесінде біздің балуандарға тең келер қарсылас болмады. 60 келіге дейінгі дәрежеде ең мықты алматылық Гұсман Қырғызбаев болды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның егізі ағасы Ғұмар Қырғызбаев бірінші орынды иеленді. 80 келіге дейінгі салмақта Дәулет Пахлединов деңіске жетті. 90 келіге дейінгі салмақта Айбол Айтбекке тең келер ешкім болмады. 90 келіден жоғарғы салмақта АЙбек Нұғымар алтын алды. Ең ауыр салмақтағы Мұхит Тұрсынов қола медальді иеленді. Алда қазақстандық балуандарды тағы бір айтулы кездесулер күтіп тұр. 2 қазанда Алматыда "Еуразия барысы" ашық турнирі өтеді. Жарыста әлемнің 10 мемлекетінен балуандарп қатысады.