Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алған

Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алған

Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алған
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар биыл наурыз айында екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 48,2 кг 2898 алтын құйма сатып алған, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Ұлттық Банк 2017 жылы тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын халыққа сату және сатып алу бағдарламасын іске қосты. Содан бері жалпы салмағы 1,79 тонна болатын 50,2 мың алтын құймасы сатылған. Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, ЦентрКредит банкінен, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және сатуға болады.