Алматы облысында блокбекеттер қойылды
Алматы облысында блокбекеттер қойылды
Алматы облысы Талдықорған қаласы маңындағы Көксу ауданында полицейлер, санитар дәрігерлер мен атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын тоғыз блокбекет орнатылды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға түсініктеме берді.
Ведомство Көксу ауданында коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты блок-бекеттерді қою туралы шешім қабылдағанын айтты: тек соңғы тәулікте елді мекенде 12 жағдай тіркелген. Блокбекеттер сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Sputnik.kz
Облыстық СЭС те өңір бойынша коронавирус жұқтырудың қарқыны соңғы екі аптада 1,6% - дан 2,2% - ға дейін өскенін айтты.