Алматы облысында блокбекеттер қойылды

Алматы облысында блокбекеттер қойылды

Алматы облысында блокбекеттер қойылды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Талдықорған қаласы маңындағы Көксу ауданында полицейлер, санитар дәрігерлер мен атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын тоғыз блокбекет орнатылды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға түсініктеме берді. Ведомство Көксу ауданында коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты блок-бекеттерді қою туралы шешім қабылдағанын айтты: тек соңғы тәулікте елді мекенде 12 жағдай тіркелген. Блокбекеттер сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Sputnik.kz Облыстық СЭС те өңір бойынша коронавирус жұқтырудың қарқыны соңғы екі аптада 1,6% - дан 2,2% - ға дейін өскенін айтты.