Жаңалықтар

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды (видео)

ашық дереккөзі

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды (видео)

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп  хабарлайды tengrinews.kz қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасып.  Әлеуметтік желілерде жарияланған тойдың видеосы Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған. "Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады. Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", - деп уәде берді департамент өкілдері. Сондай-ақ, департаменттегілер "Коронавирус, кет, кет кет" орындаушысының Azattyq-ruhy.kz жариялаған тойдағы видеосын көрсетті. Кадрлардан Марат Омаров, Сабина Алтынбекова және басқа да кештің қонақтарын байқауға болады. Еске салайық, 2020 жылдың наурызында Марат Омаровтың "Коронавирус, кет, кет, кет" әні хит болған еді. Ол бірден әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар флешмоб та ұйымдастырған. https://www.youtube.com/watch?v=NGmbn9b0E1c&ab_channel=Artparovoz.tv Алайда әншінің айтуынша, бұл жалған ақпарат. "Біріншіден, тойды мен жасаған жоқпын. Тойға екі минутқа кіріп шыққанмын. Соны пайдаланып менің тойым деп жіберген. Бұл іспен менің заңгерлерім айналысып жатыр. Бұл тойдың маған қатысы жоқ. Желіде тараған ақпарат жалған. Бір жылдан бері Еуразиялық заңгерлік қызметтің мүшесі болғандықтан, менің заңгерлерім жалған ақпарат таратқан адамдарды сотқа берейін деп жатыр", - деп түсіндірді әнші.