Бес өңірде өзендер арнасынан тасуы мүмкін – Қазгидромет

13 сәуір, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бес өңірде өзендер арнасынан тасуы мүмкін – Қазгидромет 12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзендердің суы арнасынан көтерілуі мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. «12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында еріген қар ағынының қалыптасуына және күннің жылынуына байланысты өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аумақтарға судың тасуы болжанады», – делінген хабарламада.