13 сәуір: ел тарихында таңбаланған атаулы күндер

13 сәуір: ел тарихында таңбаланған атаулы күндер

13 сәуір: ел тарихында таңбаланған атаулы күндер
ашық дереккөзі
1944 жылы 13 сәуірде тәуелсіз Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының негізі – Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариаты құрылды. 2010 жылы 13 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасы Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік бойынша Жаһандық саммиттегі пікірталасқа қатысып, сөз сөйледі. 2014 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау мақсатында Қазақстан Елшілігі Әбу-Дабиде «Қазақстан - полиэтникалық мемлекет» атты араб тілінде журнал шығарды. 2014 жылы Бішкекте Малдыбаев атындағы Қырғыз академиялық опера және балет театрының сахнасында қазақ жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбит Досановтың Алматыда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға туралы баяндайтын «Жанұран» атты пьесасының премьерасы болып өтті. Пьесаның бас кейіпкері – Қазақстанның Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков. Спектакльде қырғыз актерлері Нұрматұлы Бахтыбек (Қайрат), Майрамкүл Бегманқызы (Фәтима), Нұрбек Үрматжанұлы (ақын Алмаз), Эрлан Бекчороұлы (Колбин) рөл ойнады. 2016 жылы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия теміржол ведомстволары Халықаралық транскаспий көліктік консорциумын құру туралы уағдаласты. 2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Режеп Ердоған исламдық бітімгерлікке келу бойынша бірлескен декларацияға қол қойды. Құжатта мемлекет басшылары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, мемлекеттер арасында достық қатынастарды дамытуға бағытталған қағидаттардың ықыластылығын растады. 2016 жылы Қарағандыда №38 мектеп оқушысы Дарья Андрейченко стипендиялық бағдарламалардың негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс грантын алған алғашқы қазақстандық атанды. Дарья әлемнің ең беделді ЖОО-ларынан, оның ішінде Дьюк университетінде оқуға шақырту алды. 2018 жылы Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының Геология институтында Тәжікстан Ғылым академиясының тұңғыш шетелдік құрметті мүшесі, қазақстандық көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевқа арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі болды.