Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды

Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды

Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды
ашық дереккөзі
Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы қала дүкендерінің бірі құрамында улы зат - метанол бар шыны жуатын сұйықтықтың жалған өнімін лицензиясыз сатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Өскемен қаласының полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкіметтің 2015 жылғы қаулысына сәйкес, метил спирті улы заттар қатарына енген. "Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар Қауымдастығы" ЗТБ тауар бірлігін сатып алып, шыны жуатын сұйықтық өнімінің үлгісіне сараптама жүргізу үшін "Ойл Сертинтернейшил" ЖШС-ға жүгінді. Сараптама сұйықтықтың құрамында 5,09% метанол бар екенін және кристалдану температурасы минус 15 градусты құрайтынын анықтады, бұл ҚР-да белгіленген, осы өнімге қойылатын Ұлттық стандарттарға метанол құрамының 100 есе нормасынан асады", — деді құқық қорғау органдары. Полиция қаланың мамандандырылған тергеу соты дүкен иесі мен оның қызметкерлеріне жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат бергенін атап өтті. 23 наурызда тәртіп сақшылары шыны жуатын сұйықтығы бар 484 ыдысты тауып, тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту"бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.