Үздік 50 ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы тағайындалмақ
Үздік 50 ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы тағайындалмақ
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүмкін болып отыр», – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында.
Министр биылдан бастап 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамалардан өтуге жіберу және «Жас ғалым» жобасы аясында 1 мың грант бөлу бойынша жұмыстар жүзеге асырылатындығын айтты.