Мемлекет басшысы ғылым саласындағы қызметкерлерді құттықтады

Мемлекет басшысы ғылым саласындағы қызметкерлерді құттықтады

Мемлекет басшысы ғылым саласындағы қызметкерлерді құттықтады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 12 сәуір – ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Мереке 2011 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген болатын.