Елімізде бір жыл ішінде кедей адамдардың үлесі 20%-ға артқан

Елімізде бір жыл ішінде кедей адамдардың үлесі 20%-ға артқан

Елімізде бір жыл ішінде кедей адамдардың үлесі 20%-ға артқан
ашық дереккөзі
Елімізде азық-түлік себетіне қаражаты жетпейтін отбасылар саны 50%-ға өсіп, 28 мың адамға жеткен. Соған қарамастан байлардың саны да артқан. Еліміз ауқаттылардың санының өсуі бойынша топ-10 елдің қатарына кіріп үлгерді. Бұл туралы Finprom.kz аналитикалық порталының зерттеуінде жазылды. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны артты – олар 858,5 мыңға жетті (+20,1%). Өткен жылдың төртінші тоқсанында табысы аз адамдар тұратын үй шаруашылықтарының саны 12% - ға артып, 140,6 мың болған еді, - деп хабарлайды Finprom.kz. Ең кедей үй шаруашылықтары тобында қазірдің өзінде 4,6 мың адам бар, бір жылдағы өсім 49,5% құрады. Онда 28 мың адам тұрады (жылына+84,2%). Бұл санаттағы тұрғындардың азық-түлік себетін алуға жағдайы жетпейді. Соған қарамастан, Қазақстан 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде әлемдегі өте бай адамдардың болжамды өсімі бойынша рейтингте 7-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Statista.com.