11 адам қамауға алынды: Киік мүйізін сатқандар ұсталып жатыр
11 адам қамауға алынды: Киік мүйізін сатқандар ұсталып жатыр
Қазақстанның үш өңірінде киік мүйізін саудалаған браконьерлер мен алыпсатарлар ұсталды.
Ауқымды шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тексеріс жүргізіліп, заң бұзған 11 адам қамауға алынған. Ұсталғандардан құны 2 миллиард теңгені құрайтын 3 мыңнан астам киік мүйізі табылды.
Қазір сарапшылар қоршаған ортаға келтірілген залал көлемін анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтардың көмекшілерін де іздестіруге кірісті. Енді аталған деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалады. Заң бұзушылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.