Батыста баспана сатып алғандар көбейген
Батыста баспана сатып алғандар көбейген
Елімізде наурыз айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 673 келісім жасалған екен. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 28,2 пайызға көп.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, Атырау (+66.3 %), Ақтөбе (+50.6 %) және Маңғыстау облыстары (+48.4 %) жоғары көрсеткіш көрсеткен. Ал Нұр-Сұлтанда -0.8 пайызға төмендеген.
Сондай-ақ krisha.kz те көшбасшылардың өзгеріссіз екенін хабарлады: Маңғыстау облысы – 9852 келісім; Нұр-Сұлтан – 6524; Алматы – 6481.
Ал СҚО (523), Қызылорда (884) және Жамбыл облыстары (970) тізімнің соңында тұр. Осы 52 673 келісімнің 40 098-і пәтерлерге тиесілі, қалған 12 575-і – жер үйлер.