Карантин: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Карантин: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Карантин: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды
ашық дереккөзі
Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты. «Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады. Биыл да қаламыздағы эпидахуалдың күшеюіне байланысты мешіттерде жамағатпен тарауық намазы оқылмайды. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес беремін. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», – деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай. Имам мұсылман қауымын келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. «Біздің халқымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны»,- деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған», – деді Еркінбек Шоқай. 2021 жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні.