Былтыр басы дауға қалған полицей жаңа басшылық қызметке тағайындалды

Былтыр басы дауға қалған полицей жаңа басшылық қызметке тағайындалды

Былтыр басы дауға қалған полицей жаңа басшылық қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл ақпаратты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Жанболат Зиадин бұл қызметке ақпанда тағайындалғаны белгілі болды. «2020 жылдың сәуірінде Ж.Зиадин карантин нормаларын бұзғаны үшін Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы қызметінен босату түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды. Еңбек кодексінің 65-бабы, 3-тармағына сәйкес, «әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге тек бір тәртіптік жаза қолданылады». Полиция полковнигі Ж.Зиадин әртүрлі басшылық қызметті атқарды, ішкі істер органдарында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Ж.Зиадиннің Талғар АПБ бастығы лауазымына 2021 жылы 5 ақпанда тағайындалғанын хабарлаймыз. Бұл лауазым бұрын босатылған қызметінен бір саты төмен», – делінген Алматы облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте. Естеріңізде болса, былтыр әлеуметтік желіде бірнеше қымбат көліктің карантин кезінде тойға бару үшін блокбекеттен еш кедергісіз өткені түсірілген видео тараған еді. Кейіннен бұл көліктер айыппұл тұрағына жеткізіліп, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған болатын.