26 Қыркүйек 2016, 14:30 1315 0 Әлеумет Ақниет ОСПАНБАЙ

Автокөлікті тұрғылықты мекенжаймен емес, кез келген аймақта тіркеуге болады

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автокөлікті тіркеу рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Енді темір тұлпар иесінің тұрғылықты мекенжайының қайда болғанына қарамастан, оны кез келген аймақта тіркеуге болады. Бұған дейін медициналық ем алуды да жергілікті мекенжайға қарамай-ақ тіркейтін болған еді. Бұл бастама жүргізушілердің қолдауына ие болмақ.

2016 жылдың 26 қыркүйегінен бастап ел аумағында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің аймақтан тыс принципі енгізілуде.

«Мамандандырылған ХҚКО-да немесе әкімшілік полицияның облыстық тіркеу пунктінде көлік иесінің тіркелген мекенжайына қарамастан, еліміздің кез келген аймағында тіркеуге болады. Мұндай рәсімдеуді ҚР тұрақты тіркелген жеке және заңды тұлғалар жүргізе алады», - деді ІІМ ӘПК төрағасы Игорь Лепеха.

Осылайша, мысалы, сіз Павлодарда тіркеліп, көлікті Алматыдан сатып алсаңыз, онда транзит нөмірін алудың қажеті жоқ – темір тұлпарды оңтүстік астанада да тіркей аласыз. Бұл бір қалада тіркеліп, екінші қалада жұмыс істейтіндер үшін де қолайлы: көлікті сатып алған соң, тұрғылықты мекенжайға келіп тіркеймін деп әуреленбейді.

 

Тэгтер көлік тіркеу

Соңғы жаңалықтар