Жұмыс орнында ішімдік ішкен судьялар қызметінен босады

Жұмыс орнында ішімдік ішкен судьялар қызметінен босады

Жұмыс орнында ішімдік ішкен судьялар қызметінен босады
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, судьялардың әлеуметтік жағдайы жақсарса да, жемқорлық дерегі азаймай отыр. Бұл туралы zakon.kz жазды. Биыл Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша екі судья қызметінен босатылды. Қызметтік міндетін тиісінше орындамағаны үшін қазылар алқасының шешімімен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының төрағасы Оспанова сот төрағасы қызметінен босатылды.
«Жоғарғы сотқа жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілері бойынша Шығыс Қазақстан облысының төрт судьясына, оның ішінде Өскемен қаласының N2 сотының төрағасына қатысты ұсыныс енгізілді. Қазылар алқасы тәртіптік комиссиясының шешімімен сот төрағасы мен қала судьялары, яғни судья Қасымов, Арғымберді, Кайролдина және Глубоков аудандық сотының судьясы Әміров қызметінен босатылды», – деді Данияр Биғайдаров.