12 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
ашық дереккөзі
12 сәуір республиканың басым бөлігіне жоғарғы қысым аумағы ықпал етуіне байланысты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл болады, оңтүстікте бұршақ күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, жел шаңды дауылмен 15-20, желдің екпіні 23 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең екпіні 25 м/с болады. Қызылорда облысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі, жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының Жалаңашол аумағында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.