Солтүстік Корея Токио Олимпиадасына қатыса ма?

Солтүстік Корея Токио Олимпиадасына қатыса ма?

Солтүстік Корея Токио Олимпиадасына қатыса ма?
ашық дереккөзі
Солтүстік Кореяелі бұған дейін 2 рет Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған. 1984 жылы Лос-Анжелесте өткен Олимпиадаға Кеңес одағының талабы бойынша қатысудан баст тартқан. Ауғанстанға Кеңес одағы әскер кіргізгеніне наразылық білдіріп 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына АҚШ бастаған батыс елдері қатысқан жоқ. Соның жауабы ретінде Кеңес одағымен достық қарым-қатынастағы елдер Лос-Анжелеске бармады. Б қатарда Моңғолия да бар. Ал 1988 жылғы Сеул Олимпиадасы екі Корея елінің татулық символына айналуы керек еді. Алайда 1987 жылы Солтүстік Кореяның тыншысы Оңтүстік Кореяның азаматтық ұшағын жарып жіберген оқиғасы орын алып, екі ел арасындағы қатынасқа тағы да сызат түсіп, соңында Солтүстік Корея Сеул Олимпиадасына барудан бас тартады. Солтүстік Кореяның ұлттық құрамасы қысқы олимпиада ойындарына 1964 жылғы Инсбруктегі олимпиададан бастап қатысып келеді.  Ал жазғы олимпиада ойындарын 1972 жылы Мюнхеннен бастаған. Алғашқы екі олимпиада ойындарынан медаль алған. Солтүстік Корея олимпиада ойындарынан барлығы 56 медаль (16 алтын, 17 күміс, 23 қола медаль) алған. Бұл жолы олимпиадаға қатыспау туралы шешім 25 наурызда Пхеньянда өткен Солтүстік Кореяның олимпиада комитетінің бас ассамблеясының отырысында қабылданған. Айта кетсек, Олимпиада және Паралимпиада ойындары былтыр жазда Токиода өтуі тиіс еді, алайда коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға шегерілген болатын. Биыл Олимпиада – 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, Паралимпиада 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.