Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

Ғарышқа ұшқан мұсылмандар
ашық дереккөзі
  1. Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әлСауд
1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. 1985 жылы «Дискаверидің» СТС-51Г миссиясын орындау үшін ғарышқа ұшқаны белгілі. Оның ғарыштық ұшу ұзақтығы 7 сағат 1 сағат 38 минут 52 секунд болған екен. Әл-Сауд корольдік отбасынан ғарышкер болған алғашқы жан. Салман ғарышқа ұшқан алғашқы араб және мұсылман.  width=
  1. Мухаммед Ахмед Фарис
1951 жылы 26 мамырда Сириядағы Алеппо қаласында дүниеге келген. Ол Сирияның әскери ұшқышы.  Фарис ғарышқа ұшқан алғашқы сириялық азамат және екінші араб екен. 1985 жылы 30 қыркүйекте Мұхаммед Ахмед Фарис «Интеркосмос» ғарыштық ұшу бағдарламасына қатысып, 1987 жылдың шілдесінде «Союз ТМ-3» ғарыштық аппаратымен «Мир» ғарыш станциясына ұшты. Ол ғарышта 7 күн 23 сағат 5 минут өткізіпті. Ғарыш сапарынан кейін ол Сирия әуе күштерінде қызмет көрсетіп, Алеппода тұрды. Сириядағы азаматтық соғыс кезінде ол Түркияға қоныс аударуға мәжбүр болды. Фарис Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды және Ленин орденімен марапатталды.  width=
  1. Манаров Муса Хираманович
1951 жылы 22 наурызда Әзірбайжанның Баку қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Мәскеу авиациялық институтын бітірді. КСРО Әуе күштерінің полковнигі қызметін атқарған. Ол – бірінші  кеңестік мұсылман. Муса ғарышта 541 күн өткізген екен. 1987 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 1988 жылдың 21 желтоқсанына дейін ТМ-4 Одағының бортинженері болып жұмыс істеді. Жлпы, ұшудың ұзақтығы 365 күн 22 сағат 38 минут болыпты. 1991 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 1991 жылғы 26 мамырға дейін ол тағы да «Союз ТМ-11» кемесінің бортинженері ретінде ұшқан. Оның ұшу ұзақтығы 175 сағат 1 сағат 50 минут болды. Ол, сондай-ақ, ашық кеңістікте 20 сағат өткізді. Қазір ол Ресейде тұрады.  width=
  1. Абдул Ахад Моманд
1959 жылы 1 қаңтарда Ауғанстандағы Газни провинциясының Сарда қаласында дүниеге келді. Моманд Пуштун руынан шыққан. Ғарышқа барған алғашқы ауған азаматы және төртінші мұсылман-ғарышкер. Моманд «Союз ТМ-6» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерінің бірі және Интеркосмос ғарышкер-зерттеушісі ретінде 1988 жылы Мир станциясында тоғыз күн болды. Моманд – ғарышқа  Құран алып ұшқан алғашқы мұсылман. Ұшу кезінде ауған басшылығымен пушту тілінде сөйлеп, басқа экипаж мүшелеріне афгандық шайды дайындап берген екен. Қайтып келгеннен кейін ол азаматтық авиация министрінің орынбасары болып тағайындалды, бірақ 1992 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Германияға көшіп, баспаханада қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Штутгарстың маңындағы шағын қалада бухгалтер болып жұмыс істейді.  width=
  1. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
1946 жылы 27 шілдеде Қазақ КСР Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Қазақстанның Әуе күштерінің зейнеттегі офицері. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ-13»-пен ұшып, ресейлік ғарышкер Александр Волков пен австриялық Франц Фибекпен бірге ғарышта сегіз күн болды.  width=
  1. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев
1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысында, Қазақ КСР-да дүниеге келген. Қазақстандық сынақ ұшқышы және ғарышкер, 3 ғарыштық сапарға қатысқан. Оның алғашқы екі рейсі «Мир» ресейлік ғарыш станциясында болды. Үшінші ретінде Халықаралық ғарыш станциясына қысқа мерзімді ұшуға қатысып, ғарышқа бірінші ақылы ғарыш-туристі Деннис Титомен бірге барған екен. Ғарышта өткен жалпы уақыт 341 күн 9 сағат 48 минут болған.  width=
  1. Салижан Шакирович Шарипов
1964 жылы 24 тамызда дүниеге келген. Бірінші қырғызтандық ғарышкер, тәжік ұлтынан екен. Ол ғарышкер ретінде екі ғарыштық сапар өткізді (ол 1998 жылы АҚШ-тан астронавт ретінде, ал 2004 жылы ғарышкер ретінде Ресейден). Ғарыштағы жалпы уақыты – 201 күн 14 сағат 50 минут.  width=
  1. Шейх Музафар Шукор Аль Масри бин Шейх Мустафа
1972 жылы 27 шілдеде дүниеге келген. Малайзиялық ортопед және алғашқы малайзиялық ғарышкер. Аралас-малай-араб отбасынан. 2007 жылдың 10 қазанында «Союз ТМА-11» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына «Анкарасаван» бағдарламасы бойынша Ресеймен жасалған келісім негізінде 16-экспедиция экипажымен бірге ұшып келді. Шейх Мұзафардың ғарыштағы уақыты Рамазан айының соңғы күндерімен сәйкес келген екен. Соған байланысты Исламның ұлттық кеңесі «Халықаралық ғарыш станциясында ислам салт-жораларын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты» дайындады. Нұсқаулықта төмен деңгейдегі гравитация кезінде Намаздың орындалуы, ғарышта Құбланы анықтау, намаз уақыттары және оразамен байланысты мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылған. 2007 жылғы 13 қазанда шейх Мұзафар станцияның бортында Ораза мерекесін атап өтті және экипаж мүшелеріне Рамазан айының аяқталуына байланысты тәттілер беріп, қуантқан.  width= 9. Айдын Ақанұлы Айымбетов Ол - 1972 жылы 21 шілде күні, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында туған. Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды. 10. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум ғарышқа аттанатын алғашқы араб әйелінің есімін атады. Ол Нура Әл-Матруши.  width=