Еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын ұтып алды

Еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын ұтып алды

Еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын ұтып алды
ашық дереккөзі
Алматыда күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Юсуп Батырмұрзаев алтын жүлдені иеленіп, сонымен қатар олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп финалда моңғолиялық Лхагвагерел Мунхтурды 4:2 есебімен жеңіп, аса ауыр салмақтағы балуандар арасында үздік атанды. Осылайша, Юсуп Батырмұрзаев еркін күрестен Қазақстан командасының қоржынына бесінші жолдаманы салды. Ал 86 келіде белдескен Азамат Дәулетбеков жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, бұл салмақтағы лицензияны иелену үшін алда Болгарияда өтетін әлемдік турнирде күресетін болады.