Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
Із-түссіз жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов тікұшақпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды ҚазТАГ.
"10 сәуір күні сағат 3:00-де Нұра ауданында адам жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан Тассуат ауылына автокөлікпен шығып, межелі жерге келмеген. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнында ТЖД, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды",-деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.