Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен "Керуен-сарай" ашылды

Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен "Керуен-сарай" ашылды

Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен "Керуен-сарай" ашылды
ашық дереккөзі

Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

 width= Инвестициялық жобаны "Turkistan Tourism City" компаниясы іске асырды. Кешеннің құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айында басталған. Нысан 20,5 га аумақта, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы, "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында орналасқан.  width= Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі көпестер мен қолөнершілер көшесі, "Ұшатын театр", амфитеатр, шығыс базары, сауда қатарлары мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА мен фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық-ойын-сауық орталығы кіреді.  width= Сонымен қатар, барлық құрылымдар су арнасымен байланысқан.  width= "Керуен-сарайдың" ашылу салтанатына Премьер-министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.