Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен "Керуен-сарай" ашылды
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен "Керуен-сарай" ашылды
Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі көпестер мен қолөнершілер көшесі, "Ұшатын театр", амфитеатр, шығыс базары, сауда қатарлары мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА мен фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық-ойын-сауық орталығы кіреді. "Керуен-сарайдың" ашылу салтанатына Премьер-министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.