Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды
Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды
Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
7 жыл бұрын Мадияр Исмаилов Өзбекстаннан тарихи отанына көшіп келген. Ипотекаға пәтер сатып алып, жұбайын, үш баласын және жеті немересін алып келеді. Ай сайын 200 мың теңгеден төледі. Бірақ содан кейін қаржылық проблемалар басталды. Мадиярдың айтуынша, банк ипотекалық шартты бөліп төлеу бойынша қайта жасады. Ай сайынғы қарыз сомасы бір миллион теңгеге дейін өсті. Бұл қоныс аударушы үшін үлкен сома болды. Енді ер адамды үйден шығарып жатыр.
"Мен бұл пәтер құнының жартысын төледім! Жартысын! Сонда да тартып алмақ. Оны сауда-саттыққа шығарып, сатып жіберген, ал мен қайта қаржыландыруды сұраған едім", - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Мадияр Исмаилов.
Барлық қаржылық қиындықтарға қарамастан, ер адам тұрғын үй құнының жартысын төлеген. Бірақ пандемия басталып, жағдайы қиындаған. Ол банкке қайта қаржыландыру туралы жүгінді, бірақ оның өтініші қанағаттандырылмады. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын пайдалану үшін елорда әкімдігіне де барған. Бірақ шенеуніктер бұл мәселені тым ұзақ қарастырыпты. Ер адам наурызда өтініш берген, оған тек тамызда рұқсат берілді.
Әкімдікте Исмаиловтың өтінімін қарау пандемияға байланысты ұзаққа созылғанын мойындайды. Осы уақыт ішінде банк пәтерді сауда-саттыққа шығарып, сатқан.
"Исмаилов наурыз айының соңында жүгінді, өздеріңіз білетіндей, қала карантинге жабылды. Тамыз айында біз комиссия өткіздік. Қарастырып жатырмыз. Біз банктер орындауы керек шешім шығарамыз, бірақ банк осындай ұйғарым қабылдап қойғандықтан, біз біз бұдан былай ештеңе істей алмаймыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Зарема Сикимова.
Ал қаржы ұйымында Мадияр Исмаиловтың ісі банктік құпия екенін атап өтті. Сондықтан мамандардың мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
Енді Исмаиловтар пәтерінің жаңа иелері бар. Бірақ ер адам үйден шығудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Тіпті өзіне бензинмен құйып, өртеуге тырысты. Оны төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері құтқарып қалды.
Дегенмен мұнымен іс бітпейтіні анық. Жақын арада сот орындаушылары отбасына тағы бармақшы.