Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников таға майыстырудан 7 сәуір күні жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ол 37 секундта 4 темір тағаны майыстырған. Жиын елорда маңындағы қазақтың кәсіпқой балуанының аты берілген Қажымұқан ауылында өткен. Айта кетерлігі, Цырульников майыстырған тағалар қарапайым ат әбзелдеріндегідей емес. Мұнда голландиялық тағалар қолданылған. Оның әрқайсысы салмағы бір тоннаға дейін жүк көтереді. "Калибрленген, мөлшері 8-ден 22 миллиметрге дейін. Түсінікті болу үшін бұл – голландиялық тағалар. Біз қолданатын тағалар емес. Олар әлемдегі ең мықты тағалар болып есептеледі. Бұған дейінгі әлемдік рекорд литвалыққа тиесілі. Ол бір минутта тек екі тағаны майыстырған. Біздің спортшы 37 секундта 4 тағаны майыстырды", - дейді қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.