Туберкулезге шалдыққан 20 мыңнан астам адам тіркеуге алынды

Туберкулезге шалдыққан 20 мыңнан астам адам тіркеуге алынды

Туберкулезге шалдыққан 20 мыңнан астам адам тіркеуге алынды
ашық дереккөзі
Қазақстанда 22 мыңнан астам адам өкпе ауыры бойынша тізімде тұр. Мұндай мәліметті бүгін Алматыда өтіп жатқан халықаралық конференцияда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова келтірді. Жиынға қатысушылар өкпе дерті әлемде, соның ішінде Еуро-Азия аймақтарында күрделі мәселе болып отырғанын айтты. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 8,5 млн адам «құрт ауруына» шалдығады және жыл сайын 1,3  млн адам осы аурудан көз жұмады. Тамара Дүйсенованың айтуынша, мемлекет қамқорлығымен Қазақстанда аталған дертке қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында соңғы 10 жылда еліміздегі туберкулез ауруына шалдығатындар саны 2,2 есе азайып, өлім шығын 5 есеге кеміген. «Біз бұл дерттің таралу аумағын тарылттық. Бірақ, толығымен жойдық деп айта алмаймыз. Қазақстанда 22 мыңнан астам адам туберкулез бойынша тіркеуде тұр. Бұл сұрақты біз ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде талқыладық. Тоқсан сайын бұл мәселе туралы есеп беріп отырамыз. ДДҰ әлемде бұл аурумен күресіп қана қоймай, оны тамырымен жою туралы міндет қойып отыр. Бұл оңай тапсырма емес деп ойлаймын», - деді министр.