Алматының екі ауданында суық су болмайды

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Алматының екі ауданында суық су болмайды
ашық дереккөзі
Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті. «12 сәуір күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Медеу ауданындағы Елебекова - Сырмақ - Береговая - әл-Фараби: -13 сәуірде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Жүргенов-Янушкевич көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды»,- деп хабарлайды «Алматы су». Сонымен қатар, 13 сәуір күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Жетісу ауданындағы Баянауы- Жангелді - Хамиди - Райымбек көшелерінің бойында орналасқан үйлер суық судан ажыратылады. Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады.